АЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНИКАЛЫҚ ПРОЦЕССТЕР ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ.

XV ғасырдың екінші жартысы – XVI ғасырда негізгі этникалық топтардың қазақ халқына және олар орналасқан аумақтың Қазақ хандығына бірігуі, тұтас халық болып қалыптасудың аяқталуын тездетті. XIV-XV ғасырларда феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында толассыз тоқтамай жүріп жатқан феодалдық соғыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға ұмтылу процестері белең алды. Қазақстан- ның ежелгі тайпалары тарихи-географиялық, экономикалық және саяси жағдайларына байланысты үш негізгі этникалық шаруашылыққа топқа бөлінді. Олар: Ұлы, Орта және Кіші жүз. Ұлы жүз Сырдариядан бастап Жетісу жерін түгел жайлайды. Оның құрамына үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, жалайыр, шанышқылы, қатаған т.б. ру – тайпалар кіреді. Орта жүз Орталық Қазақстан аудандары мен Солтүстік – Шығыс Қазақстанның бір бөлігін қоныс етеді. Оның құрамында қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ, тарақты тайпа – рулары бар. Кіші жүздің мекені – Сырдарияның төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей бөлігі. Оның құрамындағы тайпалар одағы - Әлімұлы (қаракесек, қарасақал, кете, төртқара, шөмекей, шекті); Байұлы (адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, есентемір, қызылқұрт, шеркеш, ысық, таз, масқар); Жетіру (табын, тама, кердері, жағалбайлы, кереит, төлеу, рамадан). Жүздердің ұйымдасқан уақыты, қалай құрылғаны әлі жете зерттелмеген.

15 ғ. 2 ж. қазақ халқы құрылып болғаннан кейін, халықтың этногенез процесінің күрделі ерекшелігінің бірі болып табылатын "қазақ" атауы, этникалық маңызға ие болды.

XV-XVII ғасырлар – Қазақстанның аумағындағы тұрғындарға іс жүзінде ортақ негізгі белгілер мен қазақ этносының өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті бекіп жетілді. Саяси жағынан бытыраңқылығы басым этникалық топтардың, яғни қазақ тайпаларының бір мемлекетке бірігуі Қазақ хандығының құрылуына әкелді. Қазақ хандығы XV ғасырдың ортасында құрылды.



Қазақ хандығының құрылысы бастапқы кезде (XV-XVI ғасырларда) 7 сатыдан тұрды.

Ауыл. Басшысы – ауылбасы, бірнеше жанұядан тұрады.

Ата-аймақ. Басшысы – ақсақал, жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан тұрады.

Ру. Басшысы – рубасы, 15 аймақтан құрылады.

Арыс. Басшысы – би, бірнеше рудан құралған.

Ұлыс. Басшысы – сұлтан, бірнеше арыстан құрылады.

Жүз. Басшысы – хан, бірнеше ұлыстан құрылады.

Хандық. Басшысы – хан, үш жүзден құралған.

Қазақ хандығының құрылуы. XV ғасырдың 50 жылдарында Дешті-Қыпшақтағы Әбілқайыр хандығындағы саяси жағдай шиеленісе түседі. Осы кезде Керей мен Жәнібек сұлтандар өздеріне қарасты халықты бастап, Моғолстанның иелігіндегі Жетісу жеріне қоныс аударады. Моғолстан ханы Есен-Бұға оларды қарсы алып, Шу өңірінен Қозыбасы деген жерді бөліп береді. Бұл Қазақ хандығы құрылуының басы еді. Қазақ хандығы 1465 жылы құрылды. Бұл фактіні Мұхамммед Хайдар Дулати растайды. Әбілқайыр ханның Қазақ хандығының құрылуына бөгет жасамақ болған әрекеті жүзеге аспады.

Қазақ хандығының нығаюы. XV ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығының іргесі нығайды. Көрші мемлекеттердің (Әбілқайыр хандығы, Темір және Моғолстан мемлекеттері) құлдырауы Қазақ хандығының күшеюіне себеп болды. Ең алдымен Қазақ хандығының құрамына Созақ, Сауран қалалары кірді.



1480 жылы Керейдің баласы Мұрындық хан болды. 1486 жылы қазақ әскерлері Мұхаммед Шайбаниді жеңді. XV ғасырдың аяғына қарай Қазақ хандығының Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы ықпалы күшейді. Қазақ хандығының құрамында Сығанақ, Созақ, Сауран қалалары болды. XVI ғасырдағы Қазақ хандығы. XVI ғасырдың бірінші жартысында Қазақ хандығы күшейе түсті. 1511 жылы Жәнібектің баласы Қасым хан болды. Қасым ханның алға қойған басты міндеті – Сырдария бойындағы қалаларды Қазақ хандығының құрамына қосу. Қасым ханның бұл істі орындау жолындағы басты кедергісі Мұхаммед Шайбани болды. 1510 жылы Қасым ханның әскерлері Мұхаммед Шайбанидің әскерін жеңді. 1510 жылы Мұхаммед Шайбани Мервте өледі. XVI ғасырдың аяғына қарай Қасым хан Қазақ хандығының жерін ұлғайтады. XVII ғасырдағы Қазақ хандығы. XVI ғасырдың аяғына қарай Жетісу жерлері, Сырдария бойындағы көптеген қалалар, бұрынғы Ноғай Ордасының құрамында болған жерлер Қазақ хандығының қарамағына қосылады. Қасым ханның кезінде Қазақ хандығының халық саны 1 млн-ға жеткен. Қасым хан қазақтың құқықтық тарихының 5 бөлімінен тұратын белгілі «Қасқа жол» заңдар жинағын шығарған. Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы Ресей патшалығымен, Сібірмен т. б. елдермен байланыс орнатады. Қазақ хандығының Қасымнан кейінгі билігі Мамаштың қолына тиді. 1523 жылы хан тағына Тақыр отырды. Тақырдың кезінде Қазақ хандығы біраз жерлерінен айырылды. 1533 жылы хан тағына Бұйдаш отырғанда да, Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайлары жақсарған жоқ. 1534 жылы хан тағына Қожа Махмұд, 1535 жылы Тоғым хан , 1537 жылы Қасымның баласы Хақназар (1537–1580) отырды. Хақназар ең алдымен Жайық маңын, Түркістан жерлерін басып алды. 1580 жылы хан тағына Шығай , 1582 жылы Шығайдың баласы Тәуекел хан болды. 1586 жылы Тәуекел Түркістанды басып алды. 1598 жылы Тәуекел хан інісі Есім сұлтанмен қазақ қолы Мәуереннахрға кіріп, Самарқанды басып алады. 1598 жылы Ташкентте Тәуекел хан қайтыс болады. 1598 жылы Есім хан болды. Есімнің інісі Тұрсын Есім ханға бағынбай, Түркістанды жеке биледі. 1627 жылы Есім хан Тұрсынды өлтіреді. Есім хан Қазақ хандығының аумағын кеңейту бағытында үлкен үлес қосты. Мемлекет билігін, құқықтық жүйені реттеуде Есім ханның «Ескі жолы» аталған заңдар жинағы елеулі рөл атқарды. 1628 Есім хан қайтыс болады. 1629 жылы хан тағына Есім ханның баласы Жәңгір отырады. Ол қазақ тарихында «Салқам Жәңгір» деген атқа ие болды. 1643 жылы Салқам Жәңгір 600 сарбазбен ойраттың 50000-дық әскеріне қарсы шығып, жеңіске жетеді. Бұл соғыста Жәңгір ханға Жалаңтөс көмекке келеді. 1652 жылы ойраттарға қарсы ұйымдастырылған шайқаста Жәңгір қайтыс болады. Біраз уақыт бойы қазақ хандығының билігі сұлтандардың қолында болады. 1680 жылы хан тағына Әз-Тәуке отырады. Әз-Тәуке хандық билікті билерге сүйеніп жүргізеді. Билердің көмегімен «Жеті жарғы» заңдар жинағын шығарады. Тәуке хан кезінде Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласы болады. 1718 жылы Әз-Тәуке қайтыс болады.


1938229461836048.html
1938284323937148.html
    PR.RU™